Хабарландыру
Құрметті әріптестер!
2026 жылдың 7-8 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты IV халықаралық конференциясы өтетінін хабарлаймыз. Конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен экономистер, зерттеушілер мен кәсіби мамандар жиналып, экономикалық даму саласындағы соңғы жаңалықтар мен тенденциялар туралы зерттеу нәтижелерімен бөліседі.
Аталған конференция әлемнің түкпір-түкпірінен келген экономистерді, ғалымдарды және практик-мамандарды біріктіріп, тұрақты экономикалық дамудың өзекті мәселелері мен заманауи үрдістерін талқылауға арналған. Конференция аясында пленарлық отырыстар, баяндамалар, панельдік пікірталастар және ғылыми презентациялар ұйымдастырылады, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға кең мүмкіндіктер ұсынылады.
Конференция тақырыптары экономика, менеджмент, мемлекеттік басқару, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, цифрлық экономика, жасанды интеллект, тұрақты даму, жасыл экономика, инновациялық менеджмент, логистика, маркетинг және бизнес салаларын қамтиды.
Конференцияға қатысу үшін мақалаларды 2026 жылғы 27 наурызға дейін жолдауыңызды сұраймыз. Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Барлық ұсынылған мақалалар ұйымдастыру комитетінің талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс және рецензиялаудан өтеді. Қабылданған мақалалар конференция жинағында жарияланады
Сіздерді мазмұнды ғылыми пікірталас алаңында қарсы алуға қуаныштымыз!
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Ермекова Жанна Жандарбекқызы– Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
Нұрғазы Шыңғыс Әскербекұлы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
Садыханова Динара Амангелдиевна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
Кулиев Ілияс Унгарович – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
Шейх Айжаз – Ювяскюля университеті, Ювяскюля, Финляндия
Карамустафа-Көсе Гүлдем – Батыс Швейцария қолданбалы ғылымдар және өнер университеті, Делемон, Швейцария
Катаржина Черевач-Филипович – Белосток политехникалық университеті, Белосток, Польша
Давид Челетти– Падуя университеті, Падуя, Италия
Ахмад Афанди Махфудз – Даруссалам Гонтор университетінің Ислам экономикасы және құқық колледжі, Индонезия
Джаган Дживан – қауымдастырылған профессор, CMILT мүшесі, Малайзия Теренггану университеті, Малайзия
Антонио Маффеи – қауымдастырылған профессор, PhD, Корольдік технология институты, Стокгольм, Швеция
Ахметова Зауреш Болатханқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
Смагулова Гүлжихан Советбекқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
Даулиева Ғалия Рахметқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
Сартова Рысты Бозманаевна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
Калмакова Динара – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
Калибеков Мақсат Мұратбекұлы – QBI Analytics, Алматы, Қазақстан
Медетбекова Динара Омаржанқызы – CIO, IT-директоры Astana Motors
Увакбаева Гаухар Бодесқызы – «Консультациялық орталық салық төлеуші «Алым» ЖШС директоры

